
4,5 желтоқсан күндерімектеп кітапханасында 10-сынып оқушылары арасында «Кітап дрес-кодынемесе қазіргі жастар не оқиды?» атты оқу сағаты өтті.
Соңғы онжылдықта жастар не оқиды? Жаңа буын оқырмандарының қызығушылықтары әртүрлі жанрлар мен авторларды қамтиды. Бұл іскерлік әдебиеттер, фэнтези, триллер және, әрине, заманауи авторлардың танымал кітаптары.
Шара барысында заманауи тұлға бейнесінің маңызды құрамдас бөлігі деп санауға болатын кітаптар ұсынылды. Кітапханашы Дейл Карнегидің «Как завоевать друзей и оказывать влияние на людей», Маркус Зусактың «Книжный вор», Пауло Коэльоның«Алхимик», Джон Гриннің «Виноваты звезды», Рэй Брэдберидің «В канун всех святых»,Мариям Петросянның «Дом, в котором…», Джером Сэлинджердің«Над пропастью во ржи» және т.б. кітаптарын ұсынды.
Жоғары сынып оқушылары кітаптар туралы мағлұматтарды қызығушылықпен тыңдап, одан кейін оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп, жаңа авторлар мен жаңа кітаптар туралы бір-біріне кеңес берді. Ұсынылған кітаптардың көпшілігін оқырмандар іс-шарадан кейін бірден алды.