"Бригантина" мектеп маңындағы лагерідегі шығармашылық күні
Бүгін біз алғашқы рет Павлодар қаласының техникалық мектебінде болдық. Бұл нағыз сиқырлы әлем ғой! Біздің ондағы көргеніміз қаншама: қалалық ескерткіштерінің макеттері, ұшақтар мен танкілердің модельдері, динозаврлармен бірге Мұзды кезеңінде де болдық. Сол жердегі гүл бағы қандай десеңші! Бізді жайма-шуақ құшақпен қарсы алып, өз шеберліктерінің құпиясымен бөлісті. Қыздар қол шеберлікпен айналысты, ал ұлдар түрлі көліктерді жасаған еді, соларды тіпті бірден жүзеге асырып отырды. Барлығы бұл серуеннен риза болдық. Біз техникалық мектептің «сиқыршыларымен» қайта қауышуға құштармыз.