Денсаулық күні.
№41 мектептің оқушылары 14 қыркүйекте Усолка мөлтекауданына табиғат аясына саяхатқа шықты. Бұл күнді балалар көптен күткен еді. Сол күні ауа-райы да тамаша болды. Дене шынықтыру мұғалімдері мен сынып жетекшілері бірлесіп спорттық әр түрлі іс-шаралар: волейбол, футбол, көңілді қимыл қозғалыс ойындарын ұйымдастырды. Таза ауада дастархан жайды.
Оқушыларға өткізген денсаулық күні өте ұнады. Осындай шаралар жиі болса ғой деген өтініштерін айтты.