5-6 сыныптар арасында «Алтын күз» мерекесі өтті. Сайыстың ерекшелігі оның атынан да көрініп тұрды. Бұл жолы «Мықты бұрыш»-ты таңдау керек еді. Сайысқа сегіз үміткер қатысты. Ұлдар өздерін таныстырды, киген киімдерін қорғады. Әр кім шамалары келгенше тырысып бақты, киімдері де әр қилы еді. Үміткерлер үй тапсырмасына да жақсы дайындалыпты. Би биледі, ән айтты, жұмбақ жасырды, шағын-спектакль де көрсетті. Жанкүйерлер де қарап қалмады: суреттерін көрсетіп, ұрандарын айтып отырды. Тек қана оқушылар ғана емес сынып жетекшілері де сайысқа қатысып, білімдерін көрсете білді.
Әділқазылар алқасы әділ бағаларын берді. «Мықты бұрыш» сайысының жеңімпазы болып 5 «Г»сынып оқушысы- Котов Владимирболды.Бұл мерекелік сайыс оқушылардың көңіл- күйін бір көтеріп тастады. Осындай сайыстар бола берсін!