Қазақ тілінен тренинг.
Қараша айының сегізінде Павлодар қаласындағы №41 мектепте, қазақ тілін халықаралық стандарт негізінде деңгейлеп оқыту және жаңа бағдарлама бойынша сөйлесім әрекетінің түрлерін сабақта қолдануға арналған тренинг өткізілді. Қатысушылар: мұғалімдердің білім біліктілігін арттыру институтының әдіскері Зауреш Шахмарданқызы Махадил және қала және облыстан курсқа келген қазақ тілі пәнінің мұғалімдері.
Тренингтің мақсаты:заман талабына сай оқытудың жолдарын меңгерту.
Міндеттері:
- Сөйлесім әрекетінің түрлерімен теориялық түрде таныстыру;
- Тренинг арқылы теория мен практиканы ұштастыру.
Тренингті дайындап өткізген мұғалім: Негманова Құралай Уахитқызы