11.11.2011 жылы Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар облысының педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты және Ақпараттық технологиялық орталығы бірігіп, «Ақпараттық-коммуникациоиялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсын ұйымдастырды.
Конкурстың мақсаты-облыстың ақпараттық білім беру ортасының дамуына ықпал ету, білім беру процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды, жобаларды енгізу тәжірибесі мен әдістерімен бөлісу, оқытушылардың кәсіби қызметінде АКТ-ны қолданудағы шеберлігін жетілдіру.
Осы конкурста №41 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Негманова Құралай Уахитқызы қашықтан білім беруді ұйымдастыру бағытында «ӘДІСКЕР МҰҒАЛІМ» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып грамотамен марапатталды.