Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған мерекелік концерт.
Бүгін мектеп сахнасында 7-8 сынып оқушылары шықты.Мерекелік концерт Қазақстан Республикасының әнұранын тыңдаудан басталды. Оқушылар тақырып бойынша қазақша, орысша, ағылшынша өлеңдер оқыды. Өздерінің отаншылдықтарын көрсетіп ән шырқады, сонымен қатар сахнады домбыра, скрипка, гитара да ойналды. Мектебіміздің би үйірмесінің қыздары қазақша би биледі. Кейбір оқушылар сахна төріне алғаш қадам басып шықса, кейбір оқушыларға күнделікті жай болып көрінді.
Концерттің соңында жақында мектепте өткен «Мен-патриотпын» зияткерлік ойынның қортындысы бойынша 7-8 сынып оқушылары грамоталармен марапатталды.