2011 жылдың 15 желтоқсанында мектеп ұстаздары мен қызметкерлері қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстаным-деп ән шырқаймын!», атты концерттік бағдарлама өтті.
Концерт «Тәуелсіздікке жету - жолында» атты тарихи фильмді көруден басталды. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды.
№41 мектептің директорының міндетін атқарушы Чидунчи Елена Ивановна құттықтау сөз сөйледі және шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға облыстық, қалалық білім беру бөлімінің атынан, кәсіподақ ұйымының атынан Мақтау қағаздармен марапаттады.
Сонымен қатар концертте тамаша нөмірлер болды. Олар: «Жаса, Қазақстан!» әні, «Қара жорға» биі, «Балбырауын» күйі.
Мектебіміздің өнерлі оқушылары концертке белсене қатысуынан олардың мемлекеттік мерекені қастерлейтіндіктерін, отаншылдықтарын көруге болады.