Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ғажайып туралы арман
29-03-2012 05:28
Ғажайып туралы арман

         «Балауса» балаларға арналған фестивалі жыл сайын шығармашылықпен айналасатын мектеп оқушыларын қобалжытатын, әрі өнерлерін шыңдайтын, қарсыластарының алдында өзін-өзі көрсете алатын іс - шара.

       Біздің мектептің «Радуга» театры өз мүмкіндіктерін көрсетуге, басқалардың өнерін тамашалауға әрқашан да дайын. Жаңа жылдық көрсетілімнен кейін аздап демалғасын, «Балауса» фестиваліне не көрсетеміз деген ой келді.....  Бірнеше шығармаларды ой елегінен өткіздік, сосын кішкентайымыздан жақсы көретін  Е.Шварцтың «Золушка» пьесасын алуды жөн көрдік. Бұл шығармада кейіпкерлер саны да көп, сахнада ойнауға да жеңіл. Сонымен дайындық та басталып кетті. Әр кейіпкердің бейнесіне ену, дауыс ырғағын салу нағыз шеберлікті қажет етеді. Дайындық барысында күннен-күнге пьесаны қатты ұнаттық. Бір ай дайындықтан кейін - №14 мектептің сахнасынан бірақ шықтықтық. Биылғы «Балауса» фестивалі 14 мектепте өтті.Бір қызығы «Золушка»пьесасын бізден басқа үш мектеп таңдап алыпты.Бірақ біз жеңіске жететінімізге сенімді едік. Біз алға қойған мақсатымызға жеттік. Фестивальдің театр жанрының лауреаты деген атаққа ие болдық! Біз өз жетістігімізді мақтан етеміз!

    Басты рөлде ойнаған Лиза Фещук. Золушканың бейнесін  тамаша ойнады.  Ибрашева Әсел менСыздыкова Заринада өз рөлдерін жақсы сомдады. Әсіресе өгей шешенің рөлін Трухманова Юлия нақышына келтіріп ойнады.  Өгей шешенің тілі ащы екенін жақсы көрсетті. Деревягин Глеб орманшының, қыздың әкесін ойнап көрермендер көзайымы болды. Юдин Кириллда өз рөлін жақсы ойнады. Корольді күлкілі, аңғал кейпінде жақсы сомдады.

Илоны Бауэр менАни Соловьёва– Анна менМарианна – көрермендерді күлкімен қауыштырды. Әсіресе екі қыздың ақымақтығын тамаша бейнеледі.  Аня Афанасьевакіндік шеше, жағымды кейіпкер болды. Өмірде Золушкамен бір жаста болса да, сахнада ересек адамдай өзін ұстады. Сиқыршы бала рөлін ойнаған 4-сынып оқушысы Никитенко Сергей. Сергей жас болса да өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, үшдүркін фестивальдің лауреаты. Золушкаға бақыт пен хрусталь туфли сыйлаған мезгілде көрермендер сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әртістеріміз бәрі шығып тағзым еткенде көрермендер ду қол соғып өз қошеметтерін білдірді. Осы кезде біз жеңімпаз атанатынымызға толық сендік.Әділқазы әділ бағасын берді. Қысқасы , хрусталь туфли бізді алдамады!

 

Мектептің театр жетекшісіБилая М.Е.