«Түркі әлемі және Қазақстан» атты облыстық шығармалар сайысы
2012 жылдың сәуір айында Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «ТҮРКІ ӘЛЕМІ және ҚАЗАҚСТАН» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Осы конференция аясында «Түркі әлемі және Қазақстан» атты шығарма жазу конкурсында өнерін өрістетіп, елін, жерін қорғаған өр қазақтың рухын сақтап, жаңа ғасырдың үнімен үндескен, бабалар жазбасын оқып, құпиясын ашқан ерекше өнер көрсетіп, біздің №41 мектептің 10 «Б» сынып оқушысы Сарсенова Лаура ІІ орынға ие болып дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі - Негманова Құралай Уахитқызы.
Құттықтаймыз!