Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Облыстық семинар-тренинг
04-05-2012 04:38
	                                Облыстық  семинар-тренинг

 Павлодар қаласындағы мұғалімдердің білім біліктілігін арттыру институты №41 ЖОБМ-ның мұғалімдерімен бірігіп, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша курстан өтуші қаладан және облыстан келеген мұғалімдерге арналған облыстық  семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинар-тренингті осы мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері: Жүсіпова Г.Ж., Исенова С.Б., Негманова Қ.У ұйымдастырды. Оқу жылы бойы атқарған жұмыстарымен тәжірибе бөлісті, ашық сабақтар, қосымша сабақ-факультативтер, тренингтер көрсетті.

Жүсіпова Г.Ж.  6 «б» сыныбында  «Сүйікті музыка» тақырыбы бойынша АКТ-ны сабақта тиімді қолдана отырып жоғары деңгейде ашық сабақ берді.                         Гаухар Жанғалиқызы белсенді тақтамен жұмыс жасау мүмкіндіктерін көрсетті.                        Сабақта қазақтың әуендері тыңдалды, оқушылар тақтамен жұмыс жасау біліктіліктерін көрсетті және суретті сөйлетуде белсенділіктерін танытты. Мұғалімнің басты міндеті - сабақта сөйлесім әрекеттерін: оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым, тілдесімді ұйымдастыру. Сабақтың соңында оқушылар өздеріне ұнайтын қазақша әнді шырқады.

Исенова С.Б. қазақ әдебиетін оқытуға көп көңіл бөледі. Оның ойынша, оқушылардың танымдығын арттыру үшін қазақ әдебиетінен қосымша сабақтың рөлі зор. Светлана Бақиқызы 5 «г» сыныбында «Ертегілер әлемінде» атты факультативтік сабақ өткізді.  Бұл ертегілер әлеміне саяхат болды. Оқушылар ертегілердің кейіпкерлерімен кездесті, жас жігітпен бірге ертегі әлеміне саяхат жасады, ертегілер сарайларының қақпасын ашуға көмектесті, жігіттің жас  бойжеткенмен кездесуіне жағдай жасады. Балалар рөлге бөлініп: «Ақыл мен байлық» ертегісін ойнады. Сабақта Алдар көсе  туралы «Қошқар мүйізі» атты ертегіні көріп тамашалады.

Жусупова Г.Ж.  Астанаға барып, мұғалімдерді аттестацилауға арналған тест топтамасын құрастыруға қатысқаны туралы айтты. Оның айтуы бойынша сұрақтардың көбі қазақ әдебиетімен байланысты.

        Негманова Қ. У.  «Қазақ тілін  халқаралық стандарт негізінде деңгейлеп оқыту» атты тренинг өткізді.

      Құралай Уахитқызы «Ертіс өңірінің компоненті» атты электронды оқулық құрастырып, облыстық конкурста І дәрежелі дипломмен марапатталған. Осы жұмысы бойынша тәжірибе алмасты.