«Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты » атты облыстық сайыс
2011-12 оқу жылында Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасы, Павлодар облысының педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты және Ақпараттық технологиялық орталығы бірігіп, «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты » атты облыстық сайыс өткізді.
Аталмыш сайыста №41 ЖОБМ-ның сайты «Ең мазмұнды сайт» аталымы бойынша грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мектеп әкімшілігі: Негманова Құралай Уахитқызына, Ярешко Татьяна Михайловнаға және Түсіпбаева Жанар Сансызбайқызына белсенді де, шығармашылықпен жұмыс істегені үшін алғысын білдіреді.