№ 41 ЖОБМ балаларға арналған мереке
№41 ЖОБМ-да 1 маусымда Балаларға арналған мерекелік шара өтті. Мектеп маңындағы лагердің балалары мен бағдарлы топтардың оқушылары мерекелік шараға белсене қатысты. Бастауыш сынып оқушылары «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбы бойынша асфальтқа сурет салып өз өнерлерін көрсетті, ал өнерлі жасөспірімдер ән шырқап, би биледі. Балалар спорттық жарыстарға да белсенді қатысты.
Сонымен қатар мектебіміздің оқушылары жағажайда өткен қалалық мерекелік шарада да би билеп белсенділік танытты.