Біздің лагерде құқықтық білім беру туралы
41 мектептің маңындағы «Жасұрпақ»лагерінде 8 маусым күні – құқықтық білім беру бойынша іс-шара өтті. Бейіндік лагердің Волонтерлары Заң күніне арналған өздерінің сайысын өткізді. Олар балалардың құқығы мен міндеттері туралы әңгіме жүргізді. «Азамат болуға міндеттісің!» атты сайыс өте қызықты өтті. Ертегілер кейіпкерлерінің құқығын анықтап, сөзжұмбақтар шешті. Сайысқа оқушылар белсене қатысты.