Салауатты өмір салтын қорғау күні.
«Эрудит» тобы «Сенің денсаулығың сенің қолыңда» атты аялдамаларға саяхат ойынын ұйымдыстырды. Ойынға «Шаңырақ», «Englich Holidays» және «Ғаламтор әлеміне саяхат» топтары қатысты. Ойынның мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға шақыру, ойын арқылы денсаулықтың пайдасын көрсету.
Ойын басталмас бұрын ойынның шартын түсіндіріп нұсқау хат берілді. Балалар: «Краски здоровья», «Народная мудрость», «Веселое меню», «Расписание здоровья», «Спортивная почемучка» и «Здоровый пульс» аялдамаларына тоқтап тапсырмаларын орындады. Оқушылар белсенділік танытты. Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: 1-орын «Englich Holidays», 2-орын «Шаңырақ» және 3-орын «Ғаламтор әлеміне саяхат» тобы.