Салт-дәстүр күні
Бүгін «Жас ұрпақ» бейіндік лагерінде «Өз тарихыңды сақта» атты салт-дәстүрлер күні өтті. Іс-шараның мақсаты жас ұрпаққа ата-дәстүрді үйрету, отаншылдық сезімдерін ояту. «Ғаламтор әлеміне саяхат» және «Шаңырақ» бейіндік топтары мектептің ішінде құрылған киіз үйде «Тұсау кесу» мен «Балаға ат қою» дәстүрлерін көрсетті. Сонымен қатар әсем күй тыңдалып, қазақша би биленді, ән шырқалды.