«Дені саудың – тәні сау»
2 шілде күні «Бригантина» жазғы лагерінің екінші маусымы басталды. Күніміз «Дені саудың – тәні сау» деген ұранымен өтті.Күн ағымында балалар жаттығу жасап, «Кім шапшаң?» жарысына қатысып, саламатты өмір салты туралы фильм көрді. «Кім шапшаң?» жарысына екі отряд та қатысты. Бірінші орынды «Пингвиндер»атты команда екінші отрядтың балалары алды. Жеңімпаздар сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Бұл күн балаларға да, тәрбиешілерге де жақсы әсер қалдырып,, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.