«Көп тіл білі – заман талабы»
28 қыркүйекте Тілдер мерекесі қарсаңында ұлттық мәдениет жобасы аясында №41 мектепте «Көп тіл білі – заман талабы» атты
әдеби-елтану кеші ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға 11 «А» және 11 «Б» сынып оқушылары мен қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілі мұғалімдері белсене қатысты. Оқушылар көне заманнан бастап Қазақстанда тілдердің дамуына, тілдердің шығу тарихына тоқталды. Жоғары сынып оқушылары қазақша, орысша, ағылшынша және неміс тілінде өлең оқып, әр түрлі қызықты сайыстарға қатысты. Іс-шараның мақсаты: жеткіншектерге көп тіл білу, яғни полиглот болу – заман талабы екенін түсіндіру. Тәрбиелік кеш тартымды өтті. Қатысушы қонақтар осы іс-шараны дайындаған оқушылар мен пән мұғалімдеріне өз ризашылықтарын білдірді.