Тіл- болашағымыздың тірегі.
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті .Тіл байлығы – сөздік қор - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан – балаға мирас болып қалып отырған баға жетпес мұра.
Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту мақсатында жыл сайын мектепте Тілдер күніне арналған іс-шаралар өткізіледі. 21-26 қыркүйек күндері аясында апталық өткізіледі. Апталықтың іс-шаралары «Қазақ тілі» коғамдығына - жиырма жыл толғанына арналады . Сол себепті мектепте оқушылар арасында КВН, диспут, сөз жарыстары, М.Жұмабаевтың шығармашылығына арналған кеш өткізіледі. Мектеп оқушылары М.Шамсутдинованың шығармашылығына арналған сайысқа белсенді қатысуда, бұл сайыс қалалық Майра Шамсутдинова атындағы мұражайда өткізілуде.
Жалпы тілдің өрісін кеңейту үшін қазақша сөйлеуді отбасынан бастау керек, бірақ ұстаздар мақсаты,асыл мұра- тілімізді сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу, оның тәрбиелік мәнін түсіндіріп, тілдік орта құру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру баршамыздың азамматық борышымыз деп түсінеді.