Облыстық білім беру басқармасының жоспары негізінде 2012 жылғы 27.08 – 28.09 аралығында Тілдер мерекесіне орай «Тілдер айлығы» айлығының шеңберінде мектепте жоспар құрылып, көптеген іс-шаралар өткізілді. Осы жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері Тіл апталығын ұйымдастырды (17.09-27.09).
Апталықты «Әрбір ұлттың тілі-ұлы тіл» атты радиобағдарлама арқылы екі тілде ұстаз Г.Т. Жұматаева бастады.1-11 сынып арасында осы тақырыпқа арналған сынып сағаттары өтті.
3-4сынып арасында мұғалімдер Қ.С. Жүсіпова мен Г.Т. Жұматаева Білгенге-маржан атты тіл сайысын өте қызықты өткізді. Ең көп қазақ тілінде мақал-мәтелдерді, өлеңдерді білетін 3 «В», 4 «Б» сынып оқушылары болып шықты.
9 – 11 сынып оқушылары арасында «Полиглот» атты интеллектуалдық «Тілдер ұштұғырлығы» атты ұлттық мәдени жоба щеңберінде ойын-сабақ мультимедия кабинетінде төрт тілде мұғалімдер Негманова Қ.У., Бизюк И.В.,Қожанова А.С., Рахимова М.К. өткізді.
Осы шара бойынша өз пікірлерін оқушылар,мұғалімдер мектеп сайысына жазып жіберді.
Осы жылғы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы Оралхан Бөкеевтің шығармашылығына арналған әдеби Кеш 10-11 сынып арасында мұғалімдер Жүсіпова Г.Ж. Негманова Қ.У. өте қызықты және маңызды өткізді. Мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтудегі менің жеке үлесім» атты акция шеңберінде бірнеше іс-шаралар ұстаздар мен оқушылар өткізді. 7 сынып арасында мақал-мәтел сайыстары, 8 сынып «Ана тілім-әнім.», 3 сынып арасында «Қуанышым қазынам» атты тіл сайыстары ең қызықты ұйымдастырылды. К.Б. Омарова мен Смағулова С.М. 9 сынып оқушылары арасында «Тіл- татулық тірегі. » атты қазақ тілінде шығармалар сайысын өткізді. Орыс және ағылшын тілдер ұстаздары да тілдерге арналған әртүрлі іс-шара өткізді. 6 сынып арасында «Ана тілің –арың бұл » атты іс-шара өте жоғары деңгейде Исенова С.Б.,Рахметова Г.Ө.ұйымдастырды. 5 сынып арасында жас мұғалім Ахметова Г.Х. «Тіл-татулық тірегі» пікір сайысын өткізді.
8 сынып арасында орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Қ.Шапшинова «Язык мой –друг мой» атты орыс тілінде іс-шара ұйымдастырды. Тіл туралы сурет, плакат, газеттер сайысы да ұйымдастырылды. Ең жақсы, мағынасы терең газетті 7 «А» сынып оқушылары шығарды.
Мектеп кітапханасында Тілдер айлығына арналған кітап көрмесі ашылды. Шағын орталығында орта буындағы бүлдіршіндермен «Бала тілі- бал» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шараны мұгалім А.С. Ахметова дайындады.