Өнерлінің өрісі кең
2012 жылғы 22 қарашада № 41 орта мектебінде қазақ тілі пәнінен «Сабақты құзыреттілік тұрғыда ұйымдастыру» облыстық семинар өткізу шеңберінде «Өнерлінің өрісі кең» атты ашық іс-шара өткен еді. Осы іс-шараны ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Ахметова А.С., Ахметова Г.Х., Түсіпбаева Ж.С.Дарынды оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, келген қонақтарды қызықтырды. Мектебіміздің мақтанышы болған оқушыларымыздың қадамдарына гүл бітсін! Әрі қарай биік шыңдардан көріне беріңдер!