2012 жылдың 30 қарашасында №41 мектепте Тұңғыш Президент күнін тойлау аясында Тұңғыш Президент кабинеті ашылу салтанаты өтті.
Ашылу мақсаты: Елбасымыздың жасап жатқан жемісті еңбектерімен, еліміздің жетістіктерімен жүйелі түрде оқушыларға танысуларына жағдай жасау. Мерекелік іс-шараға қонақтар, ұстаздар және 10-11 сынып оқушылары қатысты. Құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Ерубаева Алма Жұмабайқызы сөйледі. Өз сөзінде 1 желтоқсан елімізде биылғы жылдан бастап елеулі мемлекеттік мереке болғанына тоқталды. Келесі сөзді «Нұр Отан» ХДП-ның өкілі Зайкенов Чапай Жанабердіұлы мен ҚББ-нің әдіскері Геложутдинова Жанар Зейнуллақызы жалғастырды. Бұл мереке барлық елде тойланатыны тарихы тереңде жатқан мереке екені аталып өтті. «Тұңғыш президент күні» айлығы шеңберінде мектебімізде 1-11 сыныптарда тәрбиелік іс – шаралар ұйымдастырылып, тарихи деректі фильмдер көрсетілді.