«Жас қыран» және «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанаты.
Павлодар қаласының №41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде 2012 жылдың 22 желтоқсанында мектеп оқушыларын «Жас қыран» және «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанаты өткізілді. Осы салтанатқа мектеп әкімшілігі, мектеп оқушылары, ардагер ұстаздар және ата-аналар қатысты. «Жас қыран» және «Жас Ұлан» қатарына қабылданған оқушыларды оқу ісінің меңгерушілері Р.Ш.Ысқақова мен Л.Н.Шестопалова құттықтап, ақ тілектерін білдірді.