Жас мұғалімдер мектебі отырысы.

25.01 2013 жылы Жас мұғалімдер мектебінің кезекті отырысы өтті. «Коучинг» форматы бойынша ұйымдастырылған сабақтың тақырыбы:
«Оқушылардың топпен жұмысы». Тақырыпты таңдау себебі, қазіргі жаңа технологиялардың көбінде оқу үрдісінде топпен жұмыс жасау бірінші орында қарастырылады. Мақсаты: Оқытудың топпен жұмыс жасау формасы арқылы оқушылардың қарым қатынасын жақсарту. Міндеті: топтық жұмыстың мазмұнын ашу, топты құру үрдісін көрсету, топтардың бір-біріне қарым қатынас жасаудағы жұмысын көрсету.
Сабақты ұйымдастырып өткізген: Смаилова Минагүл Талғатқызы (математика мұғалімі), Алматы қаласынан екінші деңгейлі курсты оқып келген ұстаз.