Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Эдельвейс» мерейтойыңмен құттықтаймыз !
25-02-2013 05:00
«Эдельвейс» мерейтойыңмен құттықтаймыз !

         Біздің мектебіміздегі «Эдельвейс» атты туристік клубымызға 10 жыл толды.

        Осы жылдары бізбен бірге болған оқушылардың барлықтарын бірдей мерейтой қарсаңында құттықтағымыз келеді.

№41 ЖОБМ-да 2003 жылы біздің клуб алғаш рет есігін ашқан. Оның негізін құрған мұғалімдер: Ковалёв Н.П., Щербакова Л.А., Реброва А.Ю.

Осы жылдары клубтың негізгі бағыттары айқындалды. Бастапқы кезде қиындықтар да болды, соның бәрі оқушылардың белсенділігінің арқасында және ата-аналардың көмегімен  іске асырылды. Әрине көп жетістіктерге жеттік.

         «Эдельвейс» клубының алғашқы түлектері мектептің спортшылары болды. Олар: Калдашев Р., Денисенко Е., Смагулов Д., Макарова Н., Гализдра Е., Штангельфер Э., Дильмухамбетова З., Челайдюк А., Никитин Е., Прудникова В., Чурбаков А., Токарев Н., Николашина А.  2006 жылы клубтың жетекшілері дене шынықтыру мұғалімдері Савченко В.В. және Лаврентьева О.А.  болды.  Қазіргі кезде белсенді жетекшілердің бірі– Каримова М.Р. Ол жазғы уақытта демалысты қызықты ұйымдастыруға көп көңіл бөледі.

    Біздің клубқа бастауыш сыныптан бастап, жасөспірімдерге дейін оқушылар  келеді. Сондықтан екі топқа бөлініп, туризімнің қыр сырын меңгереміз. Бұрын мектепті бітірген оқушылар өз білгендерін жас жеткіншектерге үйретеді.

   Біз бірнеше жылдан беру облыстық Аймақтық  оқу-тәжірибелік денешынықтыру орталығымен бірлесе жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар Павлодар білім беру бөліміне қарасты  «Жастар мен балаларға арналған экология  және туризм»  орталығымен тығыз байланыстамыз.

      «Эдельвейс» - қала және облыстық  экотуристік жарыстардың, слеттің,  «Алтын күз» сайысының жүлдегерлері, жеңімпаздары.

      Қалалық, облыстық біріншілікте қысқы жарыстарда, тауға өрмелеу туризмі бойынша және жабық спорт кешендерінде жиі қатысып жеңіспен оралып отырады.

 

      Жыл сайын оқушылардың туризмге деген қызығушылықтары артып келеді, сондықтан әр оқу жылында қатарымызға жаңа оқушылар келіп қосылып отырады. Қызығушылықты ояту мақсатында  команданың алдына мақсат, міндеттер айқын қойылады. Балалар өз ара достық қарым қатынаста болады. Бір- біріне қиындықта көмектесуге дайын тұрады. Тәжірибе бөлісіп, туризмнің қыр-сырын үйренеді.

      Жас туристер сайыс барысында қабырға газеттерін, туристік әндер сайысына  және ас мәзірін табиғатта дайындау сайыстарына қатысып, өз өнерлерін көрсетеді.  Туристік  сайыстарда көп көңіл бөлуге тура келетін ол палатканы тез әрі дұрыс құрастыру, кез келген жағдаяттардан кедергісіз шығып кету болып табылады.

     Ата-аналар өз балаларының жетістіктерін көргенде қуанып, таңқалады. Бұның бәрі еңбектенудің арқасында, әркім команданың беделі үшін күштерін салып дайындалады.  

      Бұл жарыстарға қатысу барысында оқушылар ептілікке, біліктілікке, тәртіптілікке дағдыланады.

      2011-2012  оқу жылында біздің  команда  4 айға созылған Экотуристтік марафондға қатысты. Біз төрт бағытта қатыстық. Олар: кедергіден өту, туристік әндер сайысы, «Менің Отаным -Қазақстан» жобасы.

    2011 жылы  «Эдельвейс» клубының оқушылары Баянауыл ұлттық бағында өткен облыстық сайыста күміс жүлдегер атанды.  

    2012 жылы Баянауылда өткен  областық сайыста үшінші орынға ие болды.

2011- 2012 жыл аралығында екі жыл бойы 1-орын алып келеді.

Клубтың тәрбиеленушілері: Хайруллина Регина, Клочков Богдан, Нечвиенко  Вячеслав, Горячий Никита, Бахтин Роман «Саяхатшысы» атты төсбелгімен марапатталды.

        № 41 мектепте ақпан айының басында 10 жылдық мерейтой қарсаңында мерекелік іс шара өтті. Мерекеге көп қонақтар қатысты.Өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.  Болашақта басқа оқушыларды туристік клубымызға шақырамыз.

                                                              . 

 

   «Эдельвейс» клубының жетекшісі №41 ЖОБМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Ю. Реброва.