Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақ тілі апталығы
27-02-2013 06:29
Қазақ тілі апталығы

№41 ЖОБМ-да 3-11- сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиет апталығы өтті. Бұл шараның басты мақсаты оқушылардың мемлекеттік тілге, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне деген қызығушылықтарын ояту арқылы мемлекеттік тілді жақсы меңгерген оқушылардың білім-біліктерін анықтау. Апталық аясында  оқушылар әртүрлі сайыстарға қатысты. 3- сыныптар арасында «Тіл – татулық тірегі», 4-сыныптар арасында  «Шебердің қолы-ортақ, шешеннің тілі – ортақ», 5-сыныптар арасында «Ертегілер әлемінде», 6-сыныптар арасында «XXІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыстар өткізілді. Үздіктер қатарына: 5 «А» сынып оқушысы Корнилеску Ульяна, 6 «Г» сынып оқушысы Қасқырбай Арман, 7 «А» сынып оқушысы Бахтиярова Сабина, 8 «А» сынып оқушылары Ермукенова Мадина,  Морозова Ксения қосылды. 8-сынып оқушылары қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық тағамдар дайындап, оларды қалай әзірлегенін айтып берді. 10-сынып оқушылары  «жеті ата», «жеті қазына» деген ұғымдарды түсіндіріп, ұлттық тәрбие жайлы өз пікірлерін айтып, «Тәрбие – отбасынан басталады» деген тақырыпта ой бөлісті.

      Апталықтың соңында қорытынды жасалып, оқушылардың мемлекеттік тілге деген жақсы көзқарастарын осындай тамаша іс-шараларға белсене қатысуынан көрдік.