Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Білгірлер сайысы
21-04-2008 18:00
Білгірлер сайысы

Біздің топ: «Жасұлан»

Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде - өмір бар»

Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Біздің топ: «Бәйтерек»тобы

Ұранымыз: «Сүйемін туған тілді - қазақ тілін»

Біздің өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы,

Тірліктің ел жүрегі,

Ана тілін сүйемін,

Отан үшін күйемін.

Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу бар. Әр команда кезектесіп, бір – бірден әріп таңдайды. Әр әріптің ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа бес сұрақ немесе тапсырма беріледі.

(Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болу керек және ойланып топпен ақылдасуға болады)

Қ . Қазақ тілі

1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)

2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» - деп Ата Заңның нешінші бабында жазылған. (4 бап)

3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)

4. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)

5. Қазақ тілінде неше жалғау бар екенін атап бер (4)

А. Қазақ әдебиеті

1. Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер (монолог)

2. Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер (хр.таблица бойынша)

3. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.

4. 5 дос пен 5 дұшпанды ата

5. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамедханафия)

З. Қазақстан тарихы

1. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)

2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда)

3.Қазақстанның астаналары туралы айтып бер. (Орынбор, Қызылорда.

4. Қазақстанда қандай ұлттар мекендейді? (қазақ......)

5. «Алтын адам» қайдан табылған (Есік обасынан (курган))

А. География

1. Қазақстанның ең биік тауы (Хан тәңірі 6646 метр)

2. Қазақстан неше мемлектпен шектеседі (5 - Ресей, Қытай, Өзбек, Қырғызстан, Түркменстан)

3. Ең үлкен көлі (Каспий)

4. Қазақстанда қанша облыс бар (14)

5. Павлодар облысының негізгі пайдалы қазбаларын ата (көмір, тұз, алтын)

Қ. Халық ауыз әдебиеті

1. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?

(мақал 2-3 сөйлемнен тұрады, мәтел қысқа болады)

2. Еңбек туралы мақал – мәтел айт.

3. Достық туралы мақал- мәтел айт.

4. Жаңылтпаш айт.

5. Ертегілер қалай бөлінеді (қиял ғажайып, жануарлар туралы, тұрмыс – салт)

* Жекпе – жек (капитандар сайысы)

1 топтың капитанына 10 сұрақ

1. Атақты қазақ суретшісі кім?(Әбілхан Қастеев)

2. Теңге қашан айналымға енді? (1993ж)

3. «Ау, қызғыш құс» кімнің өлеңі? (Махамбеттің)

4. Орхон – Енисей жазбаларын алғаш оқыған кім? (Радлов)

5. Қазақтың музыкалық аспаптарын ата (домбыра...)

6. Қазақстанның бұрынғы астаналарын атап бер (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

7. Абайдың неше қара сөзі бар (45+1)

8.Әнұранның авторларын атап бер (Ж.Нәжмиденов, Н. Назарбаев)

9. Қазақтың актерлерін атап бер. (Шәкен Айманов, Кәкен Кенжетаев)

10. Сен неше жастасың? (16- да)

2 топтың капитанына 10 сұрақ

1. Тұнғыш қазақ ғарышкері кім?(Тоқтар Әубәкіров)

2. Қазақстан Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991ж)

3. ”Ескендір» кімнің поэмасы? (А. Қ.)

4. Орхон – Енисей жазбаларын қайдан тапты? (Монғолиядан)

5. Асан Қайғы қай ғасырда өмір сүрген?(15)

6. «Бәйтеректің» биіктігі неше метр (97)

7. Абайдың неше баласы болған (7 ұл 3 қыз)

8. Елтаңбаның авторлары кім? (Шота Аман Уәлихан, Мәлібек Жәндәрбекұлы)

9. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қайда туған?(Баянауыл ауданында)

10. Биыл Павлодар облысына неше жыл (70 жыл)

Т. Қасиетті сан

1. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата. (3, 7, 9, 40)

2. «Үш бәйтеректі» ата.

(Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)

3. «Жеті атаңды ата»

4. «Бес арысты» ата

(Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)

5 «Жеті атаңды» білесің бе?

І. Сен білесің бе?

1. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан)

2. Сөз тіркесі, сөйлемді зерттейтін ғылым?(синтаксис)

3. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)

4. «Айша бибі» кесенесі қайда орналасқан? ( Таразда)

5. Абайдың мұражайы қайда орналасқан? (Жидебайда)

Л. ”Полиглот”

(Жұмбақтың шешуін сайыскерлер шешіп, оны қазақ, орыс, ағылшын (неміс) тілдерінде айтады.)

1) Асқар тауда,

қара орман (шаш - волосы -hair англ - нем.яз наап)

2) Қимылдаса қос шебер,

Қыруар –қыруар іс өнер (қол – рука – hand )

3) Судан шығады,

Судан қорқады. (Тұз-соль-sult-англ Salz(нем))

4) Жүзіне салсаң көзіңді,

Көрсетеді өзіңді. (Айна-зеркало-mirror –англ,Spiegei (нем)

5) Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. (Кітап –книга-book (англ) buch(нем)

І «Тізбек» ойыны

(екі командадан бір – бір бала шығып бірі қыздың, екіншісі ұлдың атын айтып қадам жасайды. Әр қадам бір балл)