2013 жыл 29наурыз Павлодар –Астана электричкасы. Вагонда «Струнная капель – 2013» Республикалық фестивалінде өздері шығарған әндерін орындайтын жас қатысушылар отыр.
Фестивальге Қазақстанның: Павлодар, Петропавл, Астана, Қарағанды, Орал, Алматы, Көкшетау қалаларынан өздері шығарған әндерін орындайтын жастар жиналған.
Конкурс келесі аталымдар бойынша өткізілді:
1. Басқа авторлардың әндерін орындау.
2. Абай Құнанабаевтың әндерін гитараның сүйемелдеуімен орындау.
3. Ансамбль.
4. Автор.
№41 жалпы білім беру мектебінен 8 оқушы: Левченко Владимир, Салменова Маржан, Волков Евгений, Қасқырбаев Арман, Белик Любовь, Берг Ольга, Овчинникова Алена, Иванова Татьяна қатысты. Ұжым жетекшілері: Реброва Анна Юрьевна, Стрелец Ирина Николаевна.
Астанада өткізілген үш күн есте қаларлықтай болды. Конкурстың өзі қызықты жан-жақты ұйымдастырылған: тыңдалым, шеберлік-классы, шектеусіз микрофон және шайхана. Біздің оқушылар Павлодарға Ю.Визбордың «Мама, я хочу домой» әні үшін көрермендер қошеметі жүлдесін, Абай Құнанабаевтың әндерін гитараның сүйемелдеуімен орындау аталымы бойынша Дипломант атанып ІІ орынға ие болды.
«Автор» аталымы бойынша Левченко Владимир жетістігімен көзге түсіп, лауреат атанды.
Өзінің ұстазы Стрелец Ирина Николаевнаның жетекшілігімен ол «Мы пришли в этот мир» әнін жазды. Шеберлікпен орындалған ән тыңдаушыларды да, әділқазылар алқасын да таңқалдырды. Оқушылар мен жетекшілеріне жаңа табыс тілейміз!
ссылка: "Струнная капель - 2013"