Жыл сайын Қазақстан Республикасының әр өңірінде 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін дәстүрлі түрде жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты – мемлекетімізге деген сүйіспеншілік және көзқарас, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға, оқу жылының басында аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына қамқорлық сездіру.
Акцияда кәсіпкерлер, демеушілер, ата-аналар және біздің мектептің педагогтары белсенділік танытты. «Отбасына отбасы көмектеседі: баланы мектепке дайындаймыз» атты қайырымдылық акциясы аясындакәсіпкер Т.Левченконың отбасы мектебіміздің аз қамтамасыз етілген отбасыларының екі баласына қамқорлық көрсетті. «Нургазин» ЖК демеушілігін қолдауда әлеуметтік-қорғансыз отбасыларына жаңа оқу жылына мектеп сөмкесі сыйға тартылды.
Жаңа оқу жылының алдында «Жалпыға міндетті оқу» қорынан жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына материалдық көмек ретінде киім, аяқ киім, 534.000 мың теңгеге оқу құралдары берілді.
Жазғы уақытта аз қамтамасыз етілген отбасыларының оқушылары «Гофратар» ЖК, «Жанбеков» ЖК, ТОСта жұмыспен қамтылу арқылы жаңа оқу жылына дайындалуға мүмкіндік алды.
Цесна Банкі 3 оқушыға 15000 мың теңгеге кеңсе тауарларын алуға сертификат ұсынды.
1 қыркүйек біздің мектебіміздің балалары үшін еш кедергісіз шуақты мереке болып табылды.