2 «Г» сыныбында «Күзгі сыйлық»
25.09.13 жылы табиғи материалдардан қолдан жасалған «Күзгі сыйлық» атты сайыс өткізілді. Бұл сайысқа 2 «Г» сынып оқушылары және ата-аналар қатысты. Зайцева Ангелина «Орман адамы» композициясын жасады, ҚайырбайЖасланкірпі кейпіндегі жасанды затты, Морякина Алена «Қаз» мүсіндес жасанды затты жасаса, алДудник Анжелика адамның басы іспеттес ваза гүлмен жасады. Балалар баялды, апельсин, кәртөп, қияр, қарбыз қабығы, асқабақ, алма, сонымен қатар тағы да басқа жомарт күздің байлықтарын пайдаланған. Сайыс қатысушылары қолдан жасалған заттарды жасау арқылы айрықша шығармашылық дарындарын абыроймен көрсетті.