«Қазақстан-2050»
Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күні мерекесі қарсаңында №41 ЖОБМ-да «Қазақстан-2050» Стратегиясы ғылыми-конференциясы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты - Қазақстанның стратегиялық бет алысының дамуы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту. 9-11 сынып оқушылары тарих мұғалімі Г.С.Тұртұғұлованың жетекшілігімен еліміздің жетістіктері, болашақтың дамуы, біздің мемлекетіміздің стратегиялық бағытын анықтайтын іс-әрекеттердің нақты жоспары жайлы ақпарат дайындады. Оқушылар өздерінің болашақтарына байланысты сұрақтарды талқылауға қызығушылықпен белсенді қатысты.