2012 жылдың 13 желтоқсанында білім беруді және тәрбиелеуді дамыту инновациялық орталығының әдіскері Құралай Уахитқызы Негманованың ұйымдастыруымен Павлодар қаласының №41 ЖОБМ «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын ақпараттық технологиялар арқылы оқытудың жаңа жолдары» атты орыс тілді мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Облыстық семинарға Павлодар облысы 35 мұғалімі қатысты.
Семинардың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда АКТ-ны тиімді қолдану жолдарын анықтау.
Семинарда АКТ-ны қолдана отырып «Ұлттық аспаптардың тарихы» тақырыбында Гүлжанат Өмірбекқызы Рахметова, «Қазақтың тұңғыш суретші қызы – Айша Ғалымбаева» тақырыбында Бақытгүл Табылдықызы Утенова ашық сабақтар, Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері – Құралай Уахитқызы Негманова «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын ақпараттық технологиялар арқылы оқытудың жаңа жолдары» және «Интербелсенді тақта мен компьютердің мүмкіншіліктерін қазақ тілі сабақтарында пайдалану» тақырыбы бойынша №41 ЖОБМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Гаухар Жанғалиқызы Жүсіпова шеберлік сағаттарын көрсетті. І деңгейлік курсты оқыған №29 ЖОБМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Айшолпан Аибқызы Камзина «Қазіргі сабақ талаптарын жүзеге асыру жолындағы ізденістер» коучинг өткізді.
Семинардың соңында жоғарыда қаралған мәселелер бойынша қорытындысы шығарылды. Семинар тыңдармандары теориялық білімммен қатар тәжірибеде қалай қолдану керектігі жөнінде дағдылармен танысты.