Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Адрес: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын ақпараттық технологиялар арқылы оқытудың жаңа жолдары
18-12-2013 05:59
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын  ақпараттық технологиялар  арқылы оқытудың жаңа жолдары

2012 жылдың 13 желтоқсанында білім беруді және тәрбиелеуді дамыту инновациялық орталығының  әдіскері Құралай Уахитқызы Негманованың ұйымдастыруымен Павлодар қаласының №41 ЖОБМ «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын ақпараттық  технологиялар арқылы оқытудың жаңа жолдары» атты  орыс тілді мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Облыстық семинарға Павлодар облысы 35 мұғалімі қатысты.

Семинардың мақсаты –  қазақ тілі мен әдебиетін  оқытуда АКТ-ны тиімді қолдану жолдарын анықтау.

       Семинарда АКТ-ны қолдана отырып «Ұлттық  аспаптардың тарихы» тақырыбында Гүлжанат Өмірбекқызы Рахметова,  «Қазақтың тұңғыш суретші қызы – Айша Ғалымбаева» тақырыбында Бақытгүл Табылдықызы Утенова  ашық сабақтар, Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері – Құралай Уахитқызы Негманова «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын  ақпараттық технологиялар  арқылы оқытудың жаңа жолдары» және «Интербелсенді тақта мен компьютердің мүмкіншіліктерін қазақ тілі сабақтарында пайдалану» тақырыбы бойынша №41 ЖОБМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Гаухар Жанғалиқызы Жүсіпова шеберлік сағаттарын  көрсетті. І деңгейлік курсты оқыған №29 ЖОБМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Айшолпан Аибқызы Камзина «Қазіргі  сабақ талаптарын жүзеге асыру жолындағы ізденістер» коучинг өткізді.

Семинардың соңында  жоғарыда қаралған мәселелер  бойынша қорытындысы шығарылды. Семинар тыңдармандары теориялық білімммен қатар тәжірибеде қалай қолдану керектігі жөнінде дағдылармен танысты.