Ақпаратпен сауатты жұмыс жасай білу – әрбіреуіміз үшін қажетті сапа. Іздеу дағдыларын меңгермей, ақпаратты бағалай, таңдай білу, заманауи өмірге бейімделу қиынға соғады. Оқырмандарға бұл білімді меңгерту – кітапханашының басты міндеті. Сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасай білмесе, ақпаратпен жұмыс жасауға үйрене алмайды. 12 наурыз күні №41 ЖОБМ-да орыс тілі апталығы шеңберінде 5 сынып оқушылары үшін "Барлығы білетін кітаптар: анықтамалар, сөздіктер, энциклопедиялар" атты кітапханалық сабақ өтті. Іс-шара барысында балалар сөздіктер мен анықтамалардың пайда болу тарихымен, жаңа анықтамалық әдебиеттермен танысты. Барлық ақпараттар слайд түрінде көрсетілді.
Іс-шараның соңында балаларда анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасай білу дағдыларын көрсетуге мүмкіндік туды. Олар шағын топтарда жұмыс жасай отырып, әртүрлі тапсырмалар орындады: қанатты сөздердің мағыналарын ашты, екпінді дұрыс қойды, орфографиялық сөздік бойынша жазуды тексерді, шетел сөздерінің мағыналарын іздестірді, С.Ожеговтің түсіндірме сөздігінен сөздердің түсініктерін тапты.
№41 ЖОБМ кітапханашысы: Н.А.Тебенькова