«Үлес 2020» Қоғамдық қоры
2014 жылдың 25 сәуірі күні «Үлес 2020» Қоғамдық қоры ҚР БҒМ-нің жастар ісі бойынша Ұйымымен бірлесіп №41 ЖОБМ базасында Қазақстанда волонтёрлық қозғалысты дамытуға бағытталған іс-шара өткізді. Сөз сөйледі: «Үлес 2020» Қоғамдық қорының өкілі - М.С.Қадыров, «Үміт үзбеу» Қоғамдық қорының жетекшісі - Г.Б.Омарова, Қызыл крест және қызыл ай қоғамдық қорының өкілі – Г.М.Исаканова. Іс-шараға қала мектептерінің көшбасшы-оқушылары қатысты. Аталған іс-шара балаларды волонтёрлық қозғалысқа қатысуға үміттендірді.