Фантиктер күні
Мектеп алды «Бригантина» лагерінде маусым айының 10 жұлдызында «Маржандар» тобы (тәрбиешесі нестерова В. Ф.) жазғы сауықтыру лагеріндегі балаларға арнап «Кәмпиттен тәтті не бар?» атты іс – шарасын өткізді. Осы іс – шараға не бары, әдемі, түрлі - түсті кәмпит қағаздары керек болды. Осы кішкентай ғана қағаздардың арқасында қаңша қызықты конкурстар мен алуан түрлі, көз жауын алатын бұйымдар жасауға болатынын кім білген!? Осыған «Фантиктер күні» атты сайысқа ат салысқан бүлдіршіндер көз жеткізе алды.
Әрі қарай күніміз «Көнілді старт» жарысымен жалғасты. Мында балалар өздерінің ширақтығы мен денелерінің шыныққандығын көрсете білді.