Ұстаздар мерекесі қарсаңында, қалам алып өз әріптесіміз жайлы сөз қозғағымыз келді. №41 мектеп ұжымының арасында, 36 жыл бойы ұстаздық еткен қарапайым да, салмақты адам істеп келе жатыр.
Светлана Бақиқызы Исенова-мұғалімдер отбасынан шыққан, өзі де балалық шағынан армандаған екен. Ол мектепті бітіргеннен кейін, Павлодар педагогикалық институтына түсіп, мұғалімдер мамандығын игеріп шығыпты. Успен ауданында Надаровка ауылында еңбек жолын бастап, 20 жылдан астам сол мектепте бала оқытып тәрбиеледі. Қазіргі кезде Павлодар қаласының №41 мектебінде жұмыс істеуде. Биыл зейнеткерлікке шығады. Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытумен қатар, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіре білген, патриоттық сезімдерін дарытқан жоғары деңгейлі ұстаз.
Светлана Бақиқызы-білікті маман,мықты тәлімгер, тәжірибесі мол әдіскер,мектептің қайнаған өміріне белсене араласып қатысып тұрады. Облыстық,қалалық пән олимпиадаларына, сайыстарға, педагогикалық оқулар мен конференцияларға жиі қатысып, жүлдесіз келмейтін жеңімпаз.
Елге сыйлы,беделді,шығармашыл, ұстаздың еңбегі еленбей қалған жоқ. Бірнеше рет облыстық,қалалық білім басқармасының Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталды. Кәсібіне адал, шәкірттердің жүрегіне жол тапқан ұстаз. Мектептің ұжымында беделді талай асу белестерді бағындыра алған тұлға-Светлана Бақиқызы қолдан келгенін бәрін жасады.
Өмірін ұстаздықпен шарықтаған,
Қамқоршы болудан жалықпаған.
Өзінен сау адам бастау алып,
Адами ақылына қанық болған-дей отырып, әріптесімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Балалардың қызығын көріп, шәкірттеріңіз биік шыңынан көрінсін.
Әріптестеріңіз: С.М.Смағұлова, К.Б.Омарова