Білімді жетілдіру мақсатында тұлғаның дамуы, қоршаған ортамен дұрыс тіл алмасу, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамыту болып табылады. Заманауи білімнің әдісі білім саласындағы мазмұнын жаңарту мен сапасын көтеруді қажет ететіні бәріне мәлім. Бұл тек оқытудағы, мектепке дейінгі, мектептегі, қосымша білім жүйедегі жаңашылдықты енгізу деген жаңа көзқарастар емес, сонымен қатар мұғалімдердің жаңа шығармашылық идеяларын жүзеге асыруға көп көмек көрсететін құрал болып келеді. Осы мақсатпен 2014 жылғы 20 қазанда № 41 ЖОБМ-нде шетел тілі мұғалімдерге арналған «Диалоговое обучение» тақырыбына коуч-сессиясы өткізілді. Бұл коучингке қала мен облыс мұғалімдері қатысты. Коучинг үш деңгейден құрылды: елес, ой және әдіс. Мұғалімдер топпен жұмыс жасады, пікірлерімен алмасты, ортаға шықты, қорытынды жасады. Сонымен қатар, қатысушыларға сабақ барысында әдісті қалай қолдану керек екендігі үшін, ағылшын тілі сабағы көрсетілді. Коучингта достық қарымқатынасы қалыптасты. Мұғалімдер уақыттарын пайдалы өткізгендері үшін разы болды. Коуч- сессияны ағылшын тілі мұғалімі А.Е.Каусова өткізді.
Коучинг