Жас мұғалімдерді жұмысқа сәтті бейімдеу мақсатында мектепте жас ұстаздар мектебі құрылды, жас мамандардың кәсіби деңгейін көтеру мен кәсіби маман болуына әдістемелік көмек көрсету негізгі әрекеті болып табылады. ЖҰМ жоғары санатты білікті мұғалімі Н.К.Тұрсұнбаева басқарады.
Жас мамандар үшін каникул күндері білім саласындағы мәселелер бойынша, кезекті ЖҰМ отырысынан басталды. Тақырыбы: «Мұғалімнің білімі мен әрекеті – оқушылардың шығармашылығы мен сәттілігі» Мақсаты: жас мамандардың кәсіби шеберлігіне ат салысу және білім саласына шығармашылық жағынан қөз қарасын нығайту.
Жас мамандардың алдында ОТЖ ДО Е.В.Бондар сөз сөйледі, әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарымен және негізгі құжаттарға деген талаптармен таныстырды.
Сонымен қатар, олар сабақтың заманауи және негізгі әдістемелігімен танысты, өздері үшін сабаққа дайындалу алгоритімін белгілеп, сабақ сәтті өтуі үшін ереже орнатты.