Аптаның басынан бастап ұстаздар қауымының Облыстық деңгейіндегі білімдерін арттыру институты негізінде дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған курстар өтіп жатыр. Мектеп мұғалімдері бұл курстың тыңдармандары ғана болмай, сонымен қатар өзін-өзі жетілдіру тақырыбына тәжірибелерімен бөлісті.
Қарашаның 25 күні мектеп негізінде облыстық деңгейдегі олармен семинар ұйымдастырылды, мұғалімдер әріптестеріне жүзу мен туризм бөлімдеріне практикалық сабақтарын көрсетті. Сонымен қатар олар келесі тақырыптарға шеберлік-сағаттарын өткізді: А.А.Богулян «физикалық жүктеменің оқушылардың ойлау қабілеті мен қажып қалуына тиер әсері»; М.М.Шортомбаев «сабақтан тыс уақытта «футбол» ойыны арқылы оқушылардың физикалық қабілетін дамыту»; А.Ю.Реброва «туризм білімдері арқылы өмірлік қажет білімдері мен қабілеттерін арттыру». Осы семинар мектеп қонақтары мен топ жетекшісі Әлем Жакенқызы Несіпбаевадан оңтайлы пікірлерге ие болды.