5 желтоқсан 2014 жылы Астана қаласында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен Халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының өкілдері, ғалымдар, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Эстония, Ұлыбритания ғылыми-зерттеу ұйымдарының, жоғары оқу орындарының, ассоциациялары мен бизнес-құрылымдарының өкілдері қатысты. Конференцияның толық отырысында Жылбаев Жанбол Октябрьұлы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, (Қазақстан, Астана), Лобанов Николай Андреевич,А.С. Пушкин атындағы ЛМУ-дің үздіксіз білім берудің әлеуметтік-экономикалық және педагогикалық проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, (Ресей, Санкт-Петербург),
Абрахам Алтоноян, АКТ профессоры, Брунель университеті (Лондон, Ұлыбритания), Маниш Вахиe, Knowledge Partners басқарушы директоры (Чикаго, АҚШ)
Майкл Росс, «Британика» компаниясының білім мәселелері жөніндегі бас
директоры, вице-президент (Чикаго, АҚШ), т.б ғалымдарбаяндама оқыды
Конференцияның жұмыс күні дөңгелек үстел мәжілістерімен жалғасты.
Конференция қатысушылары білім берудің жаңа парадигмасы, үздіксіз білім беру және ұлттық біліктілік шеңбері, білім мазмұнын жаңарту, жалпыға ортақ еңбек және өмір бойғы білім, еңбек сипатының түрленуі мен құзыреттіліктің тұрақты жаңарту қажеттілігі, үздіксіз білім беру контексінде педагогтің кәсіби өсуін жоспарлаудың нарықтық тетіктері сияқты сұрақтарды талқыға салды.Конференцияға Павлодар қаласындағы және Павлодар облысының мектептерінен де деңгейлік курс бітірген мұғалімдер қатысты.
Павлодар қаласындағы №41 мектебінің жоғары санатты, 1-ші ілгері деңгейлік курсбітірген математика пәнінің мұғалімі З.Ж.Мусалимова « Экологиялық мәдениетті қалыптастыру дәстүрі және инновациясы» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысында баяндама жасады. Қатысушылар баяндамада көзделген интеграциялау, сабақта жаңа стратегияларды қолдану мәселелеріңе қызуғышылықтарын білдірді.
З.Ж.Мусалимованың баяндамасы конференция материалдарының жинағына басылып шығарылды.