
Желтоқсанның 2 –күні 1 деңгейлі білікті мамандардың жетекшілігімен Н.К.Тұрсынбаевамен және М.П.Қасқырбаевамен мектеп мұғалімдеріне арналған «Өзгеше ойлау қабілетін арттыру» атты тақырыбына коучинг өткізілді.
Коучинг барысында қатысушылардың жұмысы мұғалімдер мен оқушылардың өзгеше ойлау қабілеттерінің қажеттілігіне, сабақ барысында қолдануға тиімді болатын өзгеше ойлау қабілетін арттыру мен өзгеше ойлау қабілетінің түрлі тәсілдерін меңгеруге бағытталған болатын. Коучинг оқушылардың түрлі ақпаратпен жұмыс істей алуды, алған ақпаратты қорыта білуді, нәтиже шығаруды алға қарай дамытатын қысқаша амал мен тәсілдерін бере алды. Блумның түймедағы арқылы қойылған сұрақтары бойынша, әйгілі «Бауырсақ» ертегісіне коучинг қатысушылары «жіңішке» және «жуан» сұрақтарын құрастыруға тырысты.
Атқарған жұмысты қорыта келе, қатысушылар «Сөйлемді аяқта» сұрақнамасын толтырды, смайлдар арқылы өз көңіл-күйлерін көрсетіп, оны «Көңіл-күй себетіне» жабыстырды.