Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА
14-12-2009 18:00
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА

«18 жыл - Тәуелсіздік туғалы,

Қазақ елі бірлікке бел буғалы.

18 жыл - Қазақстан халқының

Өз тағдырын өзі шешіп тұрғалы»

Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында, Павлодар қаласындығы, № 41 мектебінде осыған орай іс-шаралар өтті. 1-4 бастауыш сыныптарының арасында «Туған жерімнің табиғаты» атты сурет көрмесі, 5-6 сыныптар арасында «Туған жер әуендері» атты ән сайысы және 7-11 сыныптар арасында «Тәуелсіз Қазақстанымыздың жетістіктері» атты қабырға газеттері сайысы өткізілді.

Сонымен қатар оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында, сыныптан тыс шаралар да ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралардың болашақ ұрпаққа берер тәрбиелік мәні зор екенін байқатты. Іс шаралар барлық сыныптарды бір мезгілде өткізілді. Бастауыш сыныптарда «Менің Қазақстаным» деген атпен - ертеңгілік түрінде өтсе, ал орта буында «Қазақстан - біздің мақтанышымыз» деген атпен - саяхат ойын формасында өтті. Жоғары сынып оқушылары «Гүлдене бер - Қазақстан» деген тақырыппен әдеби музыкалық кеш ұйымдастырды. Тәжірибе алмасу мақсатында, ұстаздар қауымы мен әкімшілік бас болып, тәрбие сағаттарына қатысып тамашалады. Осы іс шараларда интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін тиімді пайдаланылды. Нақтырақ айтсақ, тарихи тұлғалар жайлы деректер, желтоқсан оқиғасының куәгерлері жайлы нақты мағлұматтар, суреттері, Қазақстанымыздың жетістіктеріне қатысты фильмдер мен слайд шоулар дайындалып көрсетілді. Оқушылардың өздері дайындаған көріністерін тамашаланды. Мерекенің жалғасы «Шаңырақ» орталығының шығармашылық тобы әзірлеген «Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!» атты концертпен ұштасты.

№41 жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Негманова Құралай Уахитқызы.