30 желтоқсанда № 41 ЖОБМ-да қайырымдылық шыршасы өтті. Мекереке қарсаңында 54 аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, жетім балалар армандаған сыйлықтарына қол жеткізді. Балалар Аяз атаға асқақтаған арманы бар хаттарын жіберді. Жаңа жылдық сиқыр «Магия рук» қоғамдық бірлестігі арқасында «Балалар сиқырға сенеді» қайырымдылық шеңберінде, осы хаттармен демеушілерге жүгінді. Жаңа жыл – бұл армандардың орындалатын мерекесі. Он жастағы Семен Дроздов үшін бұл мейрам ерекше болды. Ол өз хатында тірі тасбақаны сұрап, мереке кезінде соны сыйлық ретінде алды. Басқалары шана, коньки, роликтерді, қуыршақтарды, роботтарды, қысқы етіктер мен тағы басқаларды алды. Сонымен қатар балалардың барлығы сыйлықтарымен бірге тәтті сыйға ие болды. Балалардың арманын орындау үшін «Письма Деду Морозу» атты қайырымдылық науқаны ұйымдастырылды! Әр сыйлыққа біркеудің жаны салынған: егер бұл ойыншық болса – онда ол сапалы, батарейкасы бар, әдемі қорапқа салынған, егер мерекелі көйлек болса, онда ол міндетті түрде өте әдемі келген және барлық әшекейлері бар. Науқан қолдаушылардың барлығына шексіз алғысымызды білдіреміз, әсіресе жерлестерімізді мақтан тұтамыз: сіздердің қолдауларыңыздың арқасында өткен Жаңа Жылда Аяз атаға хат жазған ӘРБІР баланың асқақ арманы орындалды»
ТЖДО: Ж. Қалиақперова