
18 қараша күні әлеуметтік санат бойынша балалар арасында Павлодар қалалық Прокуратурасы мен қалалық білім беру бөлімі , Дом шахматпен бірлесіп тоғыз құмалақ пен дойбы бойынша жарыс өткізілді. Балалар, тәжірибелі бапкерлердің жетекшілігімен тек өзара ғана сайыса қойған жоқ, сонымен бірге өз ойынның техникасын жақсарту бойынша бағалы кеңестер алды. Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды, сонымен бірге барлық қатысушыларға сыйлықтар мен фуршет ұйымдастырылды. Балалар тамаша іс-шара үшін ұйымдастырушыларға өте разы болды.