
2016 жылғы 9 қарашада № 41 ЖОБМ –ның 4 «Б» сынып оқушылары Павлодар облыстық тарихи-өлкетану Г.Потанин атындағы мұражайда өткен «Менің балалық шағымның аралы» интербелсенді бағдаоламасына қатысты. Балалар қатысушы ретінде тарихын біліп тануға мүмкіндік алды. Оқушылар қызықты және танымды ақпаратты ғана тыңдай қоймай, сонымен бірге ағаш кесуді, шанышқы арқылы қазанды «пешке» қоюды, иінағаш арқылы шелекпен су тасуды, бидай ұнтақтау мен қаймақтан май былғауды үйренді. Сонымен қатар ұландардың дабылын қағу мен ұландардың горн аспабымен ойнауды үйренді. Бақсы әженің нағыз құмалағымен бал ашу барша үшін ең қызығы болды, олар өздерінің асыл армандары жайлы сұрап бақты. Бағдарламада мейірімді атмосферада болды. Барлығына өте ұнады. Тарихқа шомыған қызықты саяхат үшін мұрай ұйымдастырушыларына рахмет. Сынып жетекші: Тенизова А.Ж.