Облыстық оқушылар сарайында «Золотой микрофон» облыстық жас жүргізушілер сайысы ұйымдастырылды. Оған жалпы білім беру мектептердің және Павлодар облысының мектептен тыс мекемелердің тәрбиенушілері қатысты. 9 «А» сыныптың оқушысы Ольга Берг біздің мектептің атынан шықты. Жобаға жалпы 52 сайыскер қатысты. Жас жүргізушілер үш кезеңде сайысты: «Кел танысайық», «Импровизация» және «Сөйлеу мәдениті». Оля 1- кезеңде 150 ден 149 жоғары ұпай жинап сайыстың шарықтау шегіне шықты. Біздің Олямыздың сахнаға жарқ етіп шығуы қазылар алқасымен әділ бағаланды: ол І орынға ие болды, біз оны құттықтаймыз. Қатысушылардың барлығы арнайы дипломдармен және мадақтамалармен марапатталды.