2016 жылғы 01- 04 қараша аралығында біздің мектептің оқушылары Петропавловск қаласында өтетін «Мен – Чемпионмын!» Республикалық телевизиялық жобасына қатысады. Осы қызықты спорттық ойынға 12-14 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысады. Осыған байланысты 25 қазанда «Хабар» телеарнасы балалар мен бапкер А.С.Аюповтың қатысуымен бейне көрсетілім түсірілді, сонымен бірге РУЦФК бас маманы М.О.Баймульдин мен дене шынықтыру мұғалімі О.В.Журавлева сұхбат берді. Бейне көрсетілім белсенді және қызықты өтті. Балалар спортқа бар өнерлерін салды. Барлық қатысушылар оң эмоция мен жақсы көңіл-күйге ие болды. «Мен – Чемпионмын!» атты телевизиялық жобаға қатысатын біздің қатысушылар үшін келешекте спортпен шұғылдануға инталадырып және әр оқушының есінен кетпес естелік болып қалады деген үміттеміз.