2016 жылғы 22 қазанда № 41 ЖОБМ-да жалпымектептік ата-аналар жиналы өткізілді. Күн тәртібінде келесі тақырыптар талқыланды: 1. «Балалардың жол жарақаттары мен оның алдын алу шарасы»; 2. «Қияңқы балалар. Бала қияңқылығының себебі мен салдары. Кәмелет жасқа толмағанға зәбір көрсету жағдайларын алдын алу»; 3. «Оқушылардың ақпараттық жағынан қауіпсіздігі». Баяндаманы ТЖ ДО Ж.Ж.Калиакперова, әлеуметтік педагог А.Б.Кульмаганбетова, педагог-психологтар М.Д.Сансызбаева мен Ю.В.Ряснова оқыды. Ата-аналарға жадынамалар мен буклеттер таратылды.