«Күзгі кезең, көздің жауын алады...»
Кізгі мерекелер мектептегі ең ұзақ түтетін мерекелердің бірі. Қазан айында күз тақырыбы негізінде түрлі іс-шаралар өткізілді. Балалар мектепті безендіріп, қол өнерлерін көрсетіп, мерекеге арнайы костюмдер мен әшекейлер дайындады. Кіші буынды балалар үшін «Күзгі әбігерлік» атты іс-шара ұйымдастырылса, жоғары сынып оқушыларын «Күзгі бал» конкурстық бағдарлама күтті. Мектептегі 1 қабатының файесінде, бастауыш сыныптың оқушылары мен ата-аналары қатысқан «Күз шашуы» тақырыбына көрме ұйымдастырылды. Қатысушылар бар қиялдарын ортаға салды, мәселен, қарбыздан жасалған себет, картоптан жасалған кірпілер, алмадан жасалған құрттар болды. Қатысушылар мен қатар ата-аналар үшін де барлығы өте қызықты және танымды өтті. Қатысушылардың үздік жұмыстары мадақтамамен марапатталды.